Фото авторы: pixabay.com
Ақ үйдің ресми сайтында жаңа бөлім ашылды. Бұл бөлімде АҚШ Президенті Дональд Трамп туралы «жалған ақпарат таратты» деп айыпталған бұқаралық ақпарат құралдарының тізімі жарияланды.
Жаңа бөлімде «Аптадағы медиа бұзушы», «Ұят тақтасы», «Көш басындағылар» және «Қайталағандар» сынды айдарлар бар.
Тізімге АҚШ пен Ұлыбританиядағы ең ірі телеарналар мен басылымдар кірген. Олардың қатарында CNN, BBC, The New York Times, The Washington Post, ABC News, CBS News және өзге де белгілі ақпарат құралдары бар.
Ақ үй әкімшілігінің мәлімдеуінше, бұл бастама «қоғамды адастырады» деп есептелген материалдарды көрсетіп, халық назарына ұсыну үшін қолға алынған.
Пікір жоқ