Әлем

Ақ үй маңындағы атыстан екі сарбаз жарақаттанды

Echo

Фото авторы: Telegram канал Shot




Оқиға барысында екі ұлттық гвардия қызметкері ауыр жарақат алып, ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Полиция бұл шабуылдың әдейі ұйымдастырылғанын мәлімдеді. Күдікті патрульдік қызмет атқарып жүрген гвардия қызметкерлеріне тосыннан шығып, оқ атқан. Жақын маңдағы басқа тәртіп сақшылары жылдам әрекет етіп, күдіктіні қолға түсірген. Алдын ала деректер бойынша, шабуыл жасаған - Ауғанстан тумасы Рахманулла Лаканвал екені айтылуда. Ол 2021 жылы АҚШ аумағына кірген. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оқиға халықаралық терроризм нышандары бойынша қарастырылып отыр.


Оқиға бойынша АҚШ ішкі қауіпсіздік министрлігі:

«Бұл біздің бүкіл халқымызға қарсы қылмыс болды. Бұл - адамзатқа қарсы қылмыс», - деді.

Трамп АҚШ билігі бұрынғы Джо Байден әкімшілігі кезінде Ауғанстаннан елге кірген әрбір адамды тексеруі керек деп мәлімдеп, өзінің алдындағы президентті тағы сынға алды.

Шабуылдан кейін Ақ үй уақытша жабылды.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру