Қоғам

Алматыдағы колледждердің бірінде студенттер стипендиясын ала алмай келген

Алматыдағы колледждердің бірінде студенттер стипендиясын ала алмай келген

Фото авторы: ЖИ ekaraganda




Алматыдағы колледждердің бірінде студенттер стипендиясын ала алмай келген, - деп хабарлайды Newmedia.kz тілшісі

Алматы қаласының прокуратурасы Халықаралық бизнес және коммуникация колледжі студенттерінің құқығы бұзылғанын анықтады.  

"Студенттер мемлекеттік стипендия мен жол жүру шығындарының өтемақысын алмаған, жалпы қарыз 50 миллион теңгеге жеткен. Қадағалау актісі бойынша құқықбұзушылықтар жойылып, берешек толық өтелді, 676 студенттің құқығы қалпына келтірілді", - деп жазылған хабарламада.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру