Фото авторы: видеодан скриншот
Алматыдағы әл-Фараби даңғылында тағы бір жол апаты болды. Жолды кесіп өтпек болған әйелді көлік қағып кеткен, - деп хабарлайды Newmedia.kz тілшісі.
Алматы Полиция департаменті мәліметінше, қайғылы оқиға 25 наурызда қас қарайған уақытта болған.
"Mitsubishi Delica жүргізушісі әл-Фараби даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, Розыбакиев көшесімен қиылыста жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды", - деді полиция.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр
Пікір жоқ