Фото авторы: ғаламтордан
Алматы қаласындағы жер сілкінісіне байланысты әкімдік мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Newmedia.kz.
Бүгін қала халқы Қытай территориясында орын алған жер сілкінісінің дүмпуін сезді.
Естеріңізге сала кетейік, Астана уақытымен 12:44-те ҚР ТЖМ сейсмикалық станциялары жер сілкінісін анықтаған болатын. Зілзаланың эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығыс бағытта 277 шақырым жерде, Қытай аумағында, 5 км тереңдікте болған. Жерасты дүмпуінің магнитудасы MPV 6,7 деңгейінде тіркелді.
Алматыда толқындар MSK-64 шкаласы бойынша 3 балл шамасында сезілді.
«Барлық ескерту жүйесі штаттық режимде жұмыс істеді: тұрғындарға Mass Alert арқылы хабарламалар келді, қала сиреналары, сауда орталықтары мен қоғамдық орындарда дауыстық ескертулер болды, эвакуация жүргізілді. Алгоритм бойынша адамдар ғимараттарды тастап, көшеге шықты», – деп хабарлады Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.
Мегаполис билігі тұрғындар мен қонақтарға сабыр сақтап, құтқару қызметтерінің нұсқауларын орындауды сұрады.
Пікір жоқ