Фото авторы: instagram / kris__p__almaty
Алматыда жедел жәрдем көлігі жеңіл көлікпен соғысып, салдарынан 23 жастағы фельдшер қыз қаза тапты.
Полицияның хабарлауынша, оқиға 3 желтоқсанға өтетін түнде, шамамен 00:40-та Алатау ауданында орын алған.
Алдын ала ақпаратқа сай, жедел жәрдем көлігі бұрылмақ болған кезде оған қарсы бағыттан келе жатқан Kia автокөлігі соқтығысқан.
«Соққының қатты болғаны соншалық, екі көліктің де жүргізушілері мен жолаушылары түрлі жарақат алды. Ал жедел жәрдем салонында болған фельдшер ауыр халде ауруханаға жеткізілді, алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады», – делінген полиция хабарламасында.
Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің жол қозғалысы ережесін бұзу, адам өліміне әкеп соқтыру бабы бойынша іс қозғалды.
«Барлық қажетті сараптама тағайындалды, апаттың нақты себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», – деп мәлімдеді Алматы қалалық Полиция департаменті.
Пікір жоқ