Қоғам

Алматыда Студенттер сарайының төбесі опырылып түсті

Алматыда Студенттер сарайының төбесі опырылып түсті

Фото авторы: скрин




Алматыда қазір реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатқан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында төбенің бір бөлігі опырылып түсті. Бұған дейін университет ғимарат айтарлықтай тозғанын, конструкциялардан ақаулар шыққанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Newmedia.kz

24 қыркүйекте таңертең Алматы тұрғындары тосын көрініске куә болды: Студенттер сарайының төбесінің орнында бетон блоктар мен темір конструкциялардың үйіндісі жатыр. Сыртқы түріне қарағанда, бұл жер опырылған. Ғимарат қазір қайта жаңартылып жатыр.

Қала тұрғындары әлеуметтік желіде ғимараттың сурет-видеоларын жариялады. 

Бүгін университеттің Facebook-тегі парақшасында ресми мәлімдеме пайда болды. Алайда онда төбенің опырылуы неге байланысты болғаны нақты айтылмаған.

"Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының құрылысы 1985 жылы басталып, 1998 жылы аяқталды. Бұл нысан ұзаққа созылған құрылыс қатарына жатады, ал құрылыс жұмыстарының соңғы кезеңі шаруашылық тәсілмен атқарылды. Шамамен 30 жылға жуық уақыт бойы қолданыста болған ғимаратқа күрделі жөндеу де, реконструкция да жүргізілмеген. Бұл өз кезегінде құрылыс конструкциялары мен инженерлік жүйелер тозуына әкеп соқты. Осыған байланысты тіреуіш және қоршау конструкцияларына кешенді техникалық зерттеу жүргізу қажет болды", - деп жазылған хабарламада.

2023 жылы аккредиттелген ұйым ғимараттың техникалық жай-күйіне сараптамалық тексеріс жүргізген. Оның нәтижесінде бірқатар ақау анықталған.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру