Қоғам

Алматыда метрода ер адамның сөмкесінен екі патрон табылған

Алматыда метрода ер адамның сөмкесінен екі патрон табылған

Фото авторы: видеодан скрин




Алматыда метро бекетіндегі әдеттегі тексеріс тосын жағдаймен аяқталды, - деп хабарлайды Newmedia.kz тілшісі.

Полиция "Байқоңыр" бекетінде жолаушылардың бірін тексерген. Рентген-телевизия қондырғысы оның сөмкесінен күмәнді затты көрсеткен.

"Тексеріс барысында калибрі 5,45 миллиметр болатын, ойық ұңғылы қаруға арналған екі патрон тәркіленді. Ер адам ұсталып, аумақтық полиция қызметкерлеріне тапсырылды", - деп жазылған хабарламада.

Қазір ол оқ-дәрілерді қайдан алғаны және қандай мақсатта алып жүргені анықталып жатыр. Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру