Қоғам

Алматыда J FEST жастар фестивалі бастау алды

Алматыда J FEST жастар фестивалі бастау алды

Фото авторы: Баспасөз




Алматы қаласында Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының қолдауымен J FEST жастар фестивалінің ашылуы өтті. Фестивальдің алғашқы концерті «Көктөбе» демалыс саябағында ұйымдастырылып, Медеу ауданының демалыс орталықтарының ұйымдастыруымен жүзеге асты. Іс-шара жас таланттардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, өнерін көпшілікке танытуға және жастардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруға бағытталды.

Концерттік бағдарлама аясында демалыс орталықтарының талантты тәрбиеленушілері вокалдық және шығармашылық өнерлерін көрсетті. Кештің арнайы қонақтары ретінде Shaiqa тобы мен Сағатбек Айбек Әбуұлы өнер көрсетті. Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтары үшін интерактивті ойындар, түрлі ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылып, Алматы қаласының символы – «Әділет» барысымен кездесу мүмкіндігі ұсынылды. Бұл шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен ерекше мерекелік атмосфера сыйлады.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, J FEST – жаз мезгілі бойы Алматының түрлі алаңдарында өтетін ауқымды жастар жобасы. Фестиваль жастар шығармашылығын қолдауға, жаңа таланттарды танытуға және жастарды қаланың мәдени өміріне белсенді тартуға бағытталған. Осындай бастамалар шығармашылық ортаның дамуына, белсенді өмір салтын насихаттауға және жастардың өз әлеуетін жүзеге асыруына жаңа мүмкіндіктер қалыптастырады.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру