Қоғам

Алматыда 22 қарашадан бастап жүргізушілерге жаңа айыппұл қосылды

Echo

Фото авторы: yvision.kz




Кептеліс жиі байқалатын 10 жол торабында жаңа жол таңбасы енгізілді — алда бос кеңістік болмаса, қиылыстан өтуге тыйым салатын сары тор. Билік өкілдерінің айтуынша, бұл тәсіл қарбалас кезеңде көлік тығынын азайтуға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға септігін тигізеді.

25 қазаннан бастап бейнебақылау камералары сынақ режимінде іске қосылды. Осы уақыт ішінде 1000-нан астам қиылысты рұқсатсыз кесіп өту фактісі анықталған.

22 қарашадан бастап үш АЕК мөлшеріндегі айыппұл автоматты түрде түседі.

2025 жылы - 11 796 теңге, 2026 жылы - 12 975 теңге.

Бұзушылықтарды бес жол қиылысында орнатылған 43 камера бақылайтын болады:

  •  Абай - Тұрғыт Өзал;
  • Абай - Назарбаев;
  • Абай - Момышұлы;
  • Абылай хан - Бөгенбай батыр;
  • Наурызбай батыр - Сәтпаев көшелерінің қиылысы.

Ол аз болғандай ай соңына дейін жүйеге тағы бесеуі қосылады.

Бұған дейін депутат Данияр Қасқарауов Алматыдағы көлік кептелісі мәселесін көтерген болатын. Ол жолдарды жеңілдететін үш шешім ұсынды.


Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру