Фото авторы: IIM
Алматыда қоғамдық тәртіпті бұзған жасөспірімдер анықталды, - деп хабарлайды Newmedia.kz
Тексеріс жүргізуге әлеуметтік желілерде тараған видеолар негіз болған. Кадрда бір топ жасөспірім азаматтарға агрессивті әрі әдепсіз әрекет жасағаны бейнеленген.
Бұл оқиғаға қатысты Медеу және Алмалы аудандарының полиция басқармалары тексеріс жүргізіп, кәмелетке толмағандар анықталып, аумақтық полиция бөлімшелеріне жеткізілген.
"Жасөспірімдер - Тәжікстан Республикасының азаматтары. Олар кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылып, профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Тексеріс нәтижесі бойынша олардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндетін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, оларға қатысты Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасы шеңберінде ел аумағынан шығару шаралары қабылданып жатыр", - деді полиция.
Пікір жоқ