Фото авторы: Ernur.kz
Оның айтуынша, рұқсатсыз әнін орындағаны үшін Мұқасан Шахзадаев достарымен бірге оны аяусыз соққыға жығып, қолы мен мұрнын сындырған.
Аталған іске қатысты Алматы қаласы полиция департаменті қылмыстық із қозғалғанын мәлімдеді.
2025 жылдың 22 қарашасында Наурызбай аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын азамат М. және өзге де бірнеше тұлғалардың тарапынан оған дене жарақатын салу дерегі бойынша арызбен жүгінді. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады ПД.
Сонымен қатар, оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.
Пікір жоқ