Алматы облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді, - деп хабарлайды Newmedia.kz
Сейсмикалық станциялар желісі 19 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 14:09-да жер сілкінісін тіркеген.
"Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасы аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 311 шақырым жерде орналасқан", - деп жазылған хабарламада.
Жер сілкінісі былай сезілген:
- Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылы - 3 балл, 66 шақырым;
- Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылы - 3 балл, 137 шақырым;
- Алматы облысы Кеген ауданы Жалағаш ауылы - 2 балл, 176 шақырым;
- Алматы облысы Кеген ауданы Саты ауылы - 2 балл, 193 шақырым;
- Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Көкпек ауылы - 2 балл, 201 шақырым;
- Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласы - 2 балл, 224 шақырым;
- Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы - 2 балл, 238 шақырым;
- Алматы облысы Ұйғыр ауданы Ж.Қайыпова ауылы - 2 балл, 266 шақырым;
- Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Маловодное ауылы - 2 балл, 268 шақырым;
- Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылы - 2 балл, 269 шақырым.
Пікір жоқ