Фото авторы: видеодан скриншот
Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, Алматы - Өскемен тас жолының 94-шақырымында жол-көлік оқиғасы тіркелген. Changan көлігін жүргізген адам рөлге ие бола алмай, жүк көлігінің артқы бөлігіне соғылған. Содан кейін көлік жол бойындағы қоршауға соққан. Осы кезде Toyota Estima көлігінің жүргізушісі де Changan автокөлігімен соқтығысқан.
Бұған қоса, соққының күшінен Changan автокөлігінің қозғалтқышы жолдың қарсы жолағына ұшып барып, Ford Focus көлігіне соғылған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан Changan көлігінің жолаушылары оқиға орнында көз жұмды. Аталған көліктің жүргізушісі мен Toyota Estima жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді», - деп хабарлады департамент.
Пікір жоқ