Фото авторы: видеодан скриншот
Алматы облысында жаппай төбелес болып: Полиция қару қолданды, - деп хабарлайды Newmedia.kz
Әлеуметтік желіде Алматы облысы Есік қаласында атыс естілгені туралы видеолар тарап жатыр. Өңірдің Полиция департаменті мәліметінше, видеодағы жағдай 28 наурызда Еңбекшіқазақ ауданында болған.
"Бұл оқиғаға қатысты бұзақылық және полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсету дерегі бойынша екі қылмыстық іс тіркелді. Жеті адам күдікті ретінде танылды. Оқиғаға қатысы барлар анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді өңір полициясы.
Сонымен қатар, ІІМ мәліметінше, оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ауаға ескерту мақсатында оқ атқан.
"Қазір соталды тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Тергеуді Еңбекшіқазақ ауданының полиция басқармасы жүргізеді. Тергеп-тексеру барысы ерекше бақылауға алынды", - деп жазылған хабарламада.
Пікір жоқ