Қоғам

Алматы облысында із-түссіз жоғалған ер адам үш айдан кейін өлі табылды

Алматы облысында із-түссіз жоғалған ер адам үш айдан кейін өлі табылды

Фото авторы: instagram/volontery_lider.kz_almobl




Алматы облысының Жамбыл ауданында биыл ақпанның басында жоғалып кеткен ер адам өлі табылды. Бұл туралы Lider.kz ұйымының еріктілері мәлімдеді, - деп хабарлайды Newmedia.kz

1987 жылы туған Өтеубаев Шыңғыс Иосифұлы 2026 жылғы 4 ақпанда жоғалып кеткен. Ол таңертең Жамбыл ауданы, Алматы - Бішкек тасжолының 60-шақырымындағы тұраққа заттарын қалдырып, белгісіз бағытқа кетіп қалған.

Еріктілердің мәліметінше, 12 мамырда жол құрылысшылары адам аяғы баспайтын жерден ер адамның мәйітін тапқан. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру