Қоғам

Алматы облысында газдан бес бала уланып қалды

Echo

Фото авторы: ktk.kz




Қайғылы жағдай 15 қарашада болған. Құтқарушылардың мәліметінше бес бала ауруханаға жеткізілген. Оқиғаға пешті дұрыс пайдаланбау себеп болған: газ конфоркалары ашық күйде қалып, мұржа тазаланбаған.

«Барлық бала орташа ауыр хәлде, тексеруден кейін үйлеріне жіберілді», — деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұған дейін осы мекенжайдағы үй иелеріне өрт қауіпсіздігі қағидалары туралы ескерту парағы берілген. Соған қарамастан, сақтық шаралары сақталмаған, салдарынан балалардың улануына алып келген.

Үй иесін ҚР ӘҚБтК-нің 410-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру