Қоғам

Алматы облысында автобус пойызбен соқтығысты: 6 адам жарақат алды

Echo

Фото авторы: видеодан скриншот




Алматы облысында теміржол өткелінде автобус пен пойыз соқтығысып, салдарынан алты адам жарақат алды. Бұл туралы Newmedia.kz хабарлайды

Әлеуметтік желілерде оқиға орнында түсірілген видео таралып, көпшілік назарын аударды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жол-көлік оқиғасы Боралдай кентінің маңында болған.

Алматы облысы полиция департаментінің хабарлауынша, Алматы – Боралдай – Шамалған станциясы бағытындағы автожолдағы теміржол өткелінде маршруттық автобус жүргізушісі жол қозғалысы ережесін бұзған. Соның салдарынан ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ведомство таратқан мәліметке сәйкес, көмір станциясынан шыққан пойыз өткел арқылы өтіп бара жатқан. Осы сәтте автобус жүргізушісі пойызға жол бермей, соқтығысуға себеп болған.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру