Фото авторы: Скриншот
Алматыда қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXХIX сессиясы өтті. Сессия кезінде Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мегаполистің 2026–2028 жылдарға арналған бюджет жобасын таныстырды.
Қала басшысының айтуынша, 2026 жылға арналған жергілікті қазына көлемі 2,8 трлн теңгені құрайды. Оның ішінде 85 млрд теңге экономиканың өсімін қамтамасыз етуге бағытталмақ. Сонымен қатар жол және инфрақұрылым саласын дамытуға да едәуір қаржы бөлу жоспарланған.
Айта кетерлігі, әкімнің мәлімдеуінше, Алматыда салынуы көзделген жаңа стадионның орын саны ұлғаюы ықтимал.
– Президент тапсырмасына сәйкес, халықаралық стандарттарға сай жаңа стадионның құрылысы жалғасады. Қазір оның сыйымдылығын - 35 мың орыннан 45 мыңға көбейту мәселесі қарастырылып жатыр. Құрылысты 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған, - деді Дархан Сатыбалды.
Пікір жоқ