Фото авторы: Баспасөз
Алматы қаласының Алмалы ауданында Арбат алаңында жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және қолдауға бағытталған Open Mic музыкалық кеші ұйымдастырылды. Іс-шара жас өнерпаздарға өз өнерін көпшілікке таныстырып, шығармашылық тәжірибе алмасуға мүмкіндік берген ашық алаңға айналды.
Музыкалық кеш барысында қатысушылар жанды дауыста ән
орындап, авторлық шығармаларын көрермен назарына ұсынды. Еркін форматта өткен
кеш ерекше шығармашылық атмосферасымен ерекшеленіп, қала тұрғындары мен
қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Көрермендер жас орындаушылардың
өнеріне қолдау білдіріп, олардың шығармашылық бастамаларына жоғары баға берді.
Open Mic жобасы жастардың шығармашылық қабілеттерін шыңдауға,
өз ойын өнер арқылы еркін жеткізуіне және жаңа таланттардың танылуына ықпал
ететін маңызды мәдени бастамалардың бірі. Сонымен қатар, мұндай кездесулер
жастар арасында жаңа таныстықтардың қалыптасуына, тәжірибе алмасуға және
креативті идеялардың жүзеге асуына қолайлы орта қалыптастырады.
Іс-шара соңында ұйымдастырушылар қатысушылар мен
қонақтарға белсенділігі үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта да жастардың
шығармашылық бастамаларын қолдауға бағытталған осындай мәдени жобалар тұрақты
түрде жалғасатынын атап өтті.
Пікір жоқ