Фото авторы: instagram/qaz_team_official
Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Аруна Жангелдина Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында 78 келіге дейінгі салмақта үздік атанды. Бұл туралы Newmedia.kz хабарлайды.
Финалда Аруна Жангелдина Камерун спортшысы Георгику Мунесті жеңіп, осы ойындардағы Қазақстан құрамасының қоржынына алғаш алтын медальді салған спортшы болып отыр.
Қазақстандық жанкүйерлер үшін бұл жеңіс – үлкен қуаныш, ал дзюдодан ел құрамасының беделін тағы бір мәрте арттырған тарихи сәт болды.
Пікір жоқ