Қоғам

Алғабастағы өрттен аман қалған 2 адам аудандық ауруханада емделіп жатыр

Echo

Фото авторы: ғаламтордан




Түркістан облысындағы Алғабас ауылында 13 адамның өмірін қиған өрттен аман қалған ерлі-зайыпты екі адам Шымкент қаласындағы гипербариялық оксигенация орталығынан шығарылып, Жетісайға жеткізілді, - деп хабарлайды Newmedia.kz.

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қазіргі таңда олар Жетісай аудандық орталық ауруханасында емін жалғастырып жатыр.

- 1 желтоқсан күні түскен екі науқастың жағдайы қазір тұрақты. Екі пациент те күйік жарақатынан кейінгі кезеңде қажетті ем қабылдап жатыр. Аппаратсыз өздері демалып жатыр, өмірлік маңызды көрсеткіштері тұрақты. Емдеу шаралары бекітілген хаттамаға сәйкес жалғасып жатыр. Науқастардың жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында, - делінген ведомство ұсынған ақпаратта.


Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру