Фото авторы: ғаламтордан
Екі жыл бұрын бала ауыр дертке шалдыққанда, отбасы оның еміне қаражат жинауға кіріскен. Сол кезеңде қазақстандықтар 70 мың доллардан астам көмек көрсеткен. 2024 жылы қаражат жинау тоқтатылып, отбасы қалыпты өмірге қайта оралуға ниеттенген. Бірақ жақында интернетте сол баланың еміне қайтадан ақша жиналып жатқаны туралы видеолар тарай бастады.
«Менің қайтыс болған баламның атынан ақша жинап жатыр. Бір күн бұрын түсіме кіріп, мұңайып, ренжігенін көрдім. Келесі күні сол видеоны байқадым. Яғни, баламның жаны тыныш таппай жүр. Біреулер қайтадан ақша жинап, менің баламның рухын мазалап отыр. Неге олар менің ұлымды азаптайды?» - деді баланың анасы Онласын Асылбаева.
Отбасы бұл туралы полицияға шағынған. Анасының айтуынша, жалған парақшаның иесі анықталған, бірақ әлі ешкім ұсталмаған.
«Қазір барлық мән-жайды толық әрі объективті анықтау үшін процессуалдық тексеру жүргізіліп жатыр. Нәтижесіне қарай заң аясында шешім қабылданады», - деді Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ернар Сайдильдин.
Онласын Асылбаеваның пікірінше, ұлының қазасына дәрігерлердің дұрыс қойılмаған диагнозы себеп болған. Айтуынша, операция да қате диагноздың негізінде жасалып, бұл баланың жағдайын одан әрі нашарлатқан. Кейін оны шетелге апарғанда, ондағы мамандар отбасының тым кеш жүгінгенін жеткізген.
Қазір отбасы баласының атын пайдаланып, жұртты алдап жүргендердің жазасыз қалуынан қауіптенеді.
Пікір жоқ