Қоғам

Актер Мұрат Бисембин өмірден өтті

Echo

Фото авторы: желі




Ауыр дертке шалдыққан “Рэкетир” фильмінің жұлдызы Мұрат Бисембин 54 жасқа қараған шағында өмірден өтті, - деп хабарлайды Newmedia.kz


Қаралы хабарды өнер иесінің қызы әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді.


"Шексіз жақсы көремін", - деп жазды ол. 

Айта кетейік, Мұрат Бисембин 1972 жылы 11 қазанда Қызылордада дүниеге келген. Ол политехникалық институтты “ауыл шаруашылығының инженер-механигі” мамандығы бойынша тәмамдап, кейін Алматыдағы Өнер академиясын бітірген. Экрандағы дебюті қазақ-ресейлік “Каждый взойдет на Голгофу” сериалындағы эпизодтық рөлден басталды. Кейін “Рэкетир” фильмінде Руслан болып ойнап, Қазақстан көрермені арасында кеңінен танылып, үлкен танымалдыққа ие болды. Сондай-ақ ол “Томирис”, “Барлық әлем біздің аяқ астымызда”, “Книга легенд: Таинственный лес”, “Ағалар”, “Брат или брак”, “Сіз кімсіз, Ка мырза?” және басқа да көптеген фильм мен сериалдарда ойнаған. 2024 жылғы күзде Мұрат Бисембинге ұйқыбезі қатерлі ісігі диагнозы қойылып, ем қабылдаған. Денсаулығына байланысты актер жобалардан бас тартып, түсірілімдерді уақытша тоқтатуға мәжбүр болды.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру