Қоғам

Әкесін ұрып-соққан түркістандық 5 жылға сотталды

Echo

Фото авторы: видеодан скриншот




Түркістан облысының Жетісай аудандық сотында дәрменсіз күйде болған адамға қасақана орташа ауырлықтағы дене жарақатын келтіру және азаптау дерегі бойынша Алмас Садақбаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды Newmedia.kz

Соттың мәліметінше, сотталушы 2020 жылдан бері денсаулығы нашарлап, қозғалу қабілеті төмендеген 70 жастағы әкесін жүйелі түрде ұрып-соғып келген. Соның салдарынан жәбірленуші физикалық және психологиялық азап шегіп, денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келген.

Сот жаза тағайындау барысында айыпталушының бұрын сотталмағанын, кінәсін толық мойындап, өкініш білдіргенін, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларының барын жеңілдететін мән-жайлар ретінде ескерді. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот үкімімен Алмас Садақбаевқа 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде 40 жастағы азаматтың өз әкесін аяусыз ұрып жатқан видеосы тараған болатын. Кейінірек жәбірленуші қарияның қайтыс болғаны белгілі болды. Оның нақты неден көз жұмғанын анықтау үшін тергеу барысында эксгумация жүргізілген.

Сондай-ақ сот барысында 41 жастағы Алмас Садақбаев өз кінәсін толық мойындап, жылап тұрып кешірім сұрағаны хабарланған.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру