Фото авторы: жеке мұрағатынан
Надежда Андреевна 1940 жылы Алматы облысының Шамалған ауылында дүниеге келген. Ол жас кезінен бастап қазақ тілін жақсы меңгеріп, халық ауыз әдебиеті мен ұлттық әндерге қызығушылық танытқан. Поэзияға ерте әуестенген Надежда алғашқы өлеңдерін 1960 жылы жарыққа шығарды. Оның ерекше дарыны мен өнеріне Асқар Тоқмағамбетов, Мұхтар Әуезов, Бауыржан Момышұлы сияқты көрнекті қайраткерлер назар аударып, шығармашылық жолына қолдау білдірген.
1960–1980 жылдары Надежда Лушникова елдегі ең белгілі ақындардың бірі ретінде танылды. Лирикалық туындылары үшін 1970 жылы Ленин комсомолы сыйлығын иеленді. Сонымен бірге 27 жыл бойы ұстаздық етіп, қазақ тілін оқытып, жас дарындарды тәрбиелеуге атсалысты.
Айтыс өнерінде де өзіндік қолтаңба қалдырған ақын қазақтың белгілі айтыскерлерімен бірге додаға түсіп, шығармашылық шеберлігі арқылы тыңдарманның ыстық ықыласына бөленді.
Пікір жоқ