Қоғам

Air Astana рейстері Иранды айналып ұшатын болды

Echo

Фото авторы: polet.me




Air Astana әуе компаниясы бірқатар халықаралық рейстердің бағытын өзгертіп, Иранның әуе кеңістігін айналып өтетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Newmedia.kz

Авиакомпанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында бірнеше бағыт бойынша ұшу бағыты уақытша түзетілген.

«Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Медина бағыттарындағы рейстер Иранның әуе кеңістігін айналып ұшу арқылы жүзеге асырылады», – делінген компанияның ресми хабарламасында.

Әуе компаниясы жолаушыларды рейстер кестесіндегі мүмкін өзгерістерді ескеріп, сапар алдында өз рейсінің мәртебесін алдын ала тексеруге шақырады.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру