Фото авторы: ғаламтордан
Мұндай шешім Қылмыстық кодекске енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес қабылданды. Енді кішкентай баласы бар әйелдер, егер олардың ісі ауыр санатқа жатпаса, жазаны өтеуді кейінге қалдыра алады. Айканың 2020 жылы дүниеге келген баласы бар, сондай-ақ оның тәртібі үлгілі деп бағаланып, оң мінездеме берілген.
Айка 2023 жылдың маусымында қамауға алынған. Тергеу мәліметінше, ол өзін модель әрі блогер ретінде көрсетіп, “модель келбетіне ие” қыздарды ауқатты клиенттермен таныстырумен айналысқан. Кейін “Айканың тізімі” деп аталған жоғары лауазымды тұлғалар мен кәсіпкерлердің дерекқоры қоғамда үлкен резонанс тудырды.
Сот оны психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде сақтау және делдалдық жасау баптары бойынша айыпты деп танып, 6 жыл 6 ай мерзімге колонияға қамауға үкім шығарды.
Пікір жоқ