Фото авторы: dauletten
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев жұбайының туған күніне Парламенттің ресми хатына ұқсайтын адресат табыстаймын деп сынға қалды, - деп хабарлайды Newmedia.kz
Депутат Мәжіліс дәлізінде осы жайтқа қатысты пікір білдірді.
"Құттықтау 5 мамырда болған еді. ...Мені жерден алып, жерге салып жатқандарға қайталап жазайын, бұл - менің жеке құттықтауым. Парламенттің ресми құттықтауы емес! Басшылардың қойып берген мөрі де, қолы да жоқ. Әрі ол мемлекеттік шара немесе Парламенттің отырысында жасалмады. Отбасылық достармен өткен жиында, жұмыс біткен уақытта құттықтадым! ...Регламентке сәйкес рұқсатсыз Парламенттің ресми бланкісін пайдалануға тыйым салынады, ал бұл жағдайда әңгіме тек папка туралы болып отыр", - деді ол.
Пікір жоқ