Қоғам

Әділетхан Молдахан екі айға қамауға алынды

Echo

Фото авторы: желі




Алматыда әл-Фараби даңғылында болған жол апатына қатысты бірнеше рет мәлімдеме жасаған заңгер Әділетхан Молдахан екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Newmedia.kz

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оған қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу аясында сот оны екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасымен қамауға санкция берген.

Айта кетейік, бұған дейін Әділетхан Молдахан әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 10 тәулікке қамауға алынған болатын.

Әділетхан Молдахан азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерге маманданған заңгер ретінде белгілі. Оның Instagram желісіндегі парақшасына миллионнан астам адам жазылған.

Еске салсақ, ол әлеуметтік желіде видео жариялап, Алматыдағы әл-Фараби даңғылында болған жол апатына құқық қорғау органы қызметкерінің қатысы болуы мүмкін екенін айтқан еді. Аталған жол апаты салдарынан үш адам қаза тапқан.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру