Фото авторы:
Блогер Әділетхан Молдахан 10 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды Newmedia.kz
Алматы Полиция департаменті мәліметінше, көрінеу жалған ақпарат тарату дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
"Бұрын тонау дерегі үшін сотталған күдіктіге қатысты сот 10 тәулік мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - деді Алматы ПД өкілі.
Әділетхан Молдахан - азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерге маманданған заңгер. Instagram парақшасына миллионнан аса оқырман жазылған.
Бұған дейін заңгер әлеуметтік желіде видео жариялап, Алматыдағы әл-Фараби даңғылында болған жол апатына (салдарынан үш адам қаза тапқан) құқық қорғау органы қызметкерінің қатысы болуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.
Кейінірек Алматы Полиция департаментінің бастығы қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады.
Еске салайық, 21 наурызға қараған түні әл-Фараби даңғылында жол апаты болды. Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушысы (22 және 20 жастағы қыздар) оқиға орнында көз жұмды. Zeekr жүргізушісі аман қалып, түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.
Сонымен қатар, әл-Фараби даңғылында үш адамның өліміне әкеп соққан жарысқа "полицейлердің қатысы болуы мүмкін" деген ақпарат тексеріліп жатыр.
Пікір жоқ