Фото авторы: КазТАГ
Абай облысындағы Kaz Minerals шахтасында жұмысшы қаза тапты,- деп хабарлайды Newmedia.kz
Қайғылы оқиға Бородулиха ауданында болған, жұмысшының өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Полицияның мәліметінше, 19 наурызға қараған түні шахтада жарылыс жұмыстарынан кейін көмірқышқыл газының мөлшері артқан.
Таңертең екі жұмысшы төменге түсіп, ес-түссіз күйде табылды. Оларға көмек көрсету кезінде учаске бастығы да уланып қалған.
Жұмысшылардың бірі қаза тауып, екі адам ауруханаға жатқызылды.
Оқиға орнында тергеу-жедел тобы жұмыс істеп жатыр
Пікір жоқ