Қоғам

Абай облысында келісімшарт бойынша әскери қызметші қаза тапты

Echo

Фото авторы: freepik.com




Абай облысында келісімшарт бойынша әскери қызметші қаза тапты, - деп хабарлайды Newmedia.kz 

Абай гарнизонының баспасөз қызметі мәліметінше, 5 наурызда әскери техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан келісімшарт бойынша әскери қызметші жарақат алып, көз жұмған. Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

"Оқиға орнында құзырлы органдардың өкілдері жұмыс істеп жатыр. Құрлық әскерінің қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстарына, жақындарына қайғыра көңіл айтады. Оларға белгіленген тәртіппен қажет қолдау көрсетіледі", - деп жазылған хабарламада.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру