Фото авторы: AI
Абай облысының 28 жастағы тұрғыны бұрынғы сүйіктісін аңдығаны үшін жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Newmedia.kz
Ер адам қарым-қатынас үзілгеннен кейін әйелді қайта-қайта мазалап, оның үйіне, жұмыс орнына барған, әртүрлі нөмірден хабарласып, хабарламалар жіберіп, байланыс орнатуға тырысқан.
"Оның бұл әрекеті жүйелі сипатқа ұласып, күдікті ер адам әйелге моральдық қысым көрсетіп, психологиялық зиян келтірген", - деп жазылған хабарламада.
Сот ер адамды кінәлі деп танып, 100 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындады. Сотталған адам өз ісіне өкінетінін айтқан.
Пікір жоқ