Фото авторы: ғаламтордан
«Бесінші қабат биіктігінен жұмысшылардың құлау фактісі бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу белгілерімен қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады полиция.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мәліметінше, 18 қараша күні оларға ауыр жарақатпен үш ер адам жеткізілген.
1981 жылы туған пациентке резекциялық трепанация жасалды: дәрігерлер маңдай сүйегінің және қойнауларының көп жарықшақты сынған бөлшектерін алып тастап, қатты ми қабығын пластика жасады, оның жағдайы ауыр күйінде қалып отыр. 1984 жылғы пациенттің жағдайы орташа ауыр. 1997 жылы туған ер адамның да жағдайы ауыр, бірақ тұрақты.
Орталықта барлық зардап шеккендерге қажетті арнайы көмек көрсетілгенін, операциялар жасалғанын және дәрігерлер олардың емін жалғастырып жатқанын атап өтті.
Пікір жоқ