Қоғам

Жангелдиндегі жантүршігерлік жағдай: Сұлтан Сәрсемәлиев өлім жазасына да дайын екенін айтты

Жангелдиндегі жантүршігерлік жағдай: Сұлтан Сәрсемәлиев өлім жазасына да дайын екенін айтты

Фото авторы: Tengrinews.kz




Атырау облысында төрт адамды өлтірді деген басты күдікті - 29 жастағы Сұлтан Сәрсемәлиев қылмысқа ұзақ уақытқа созылған отбасылық жанжал мен психологиялық қысым себеп болғанын айтты, - деп хабарлайды Newmedia.kz Massaget.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Алдын ала сот тыңдауы барысында айыпталушы мәлімдеме жасап, жантүршігерлік оқиға туралы өз нұсқасын баяндады. Сұлтан Сәрсемәлиев марқұмдардың күйеу баласы болған.

"Жасаған қылмысым үшін жауапкершілікке, кез келген жазаға дайынмын, мейлі ол өлім жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы болсын", - деді ол.

Tengrinews.kz: Әлімжан Аманжол

Сұлтан Сәрсемәлиевтің айтуынша, жанжал отбасылық келіспеушіліктер мен жұбайының туыстарының араласуы салдарынан басталған.

"Әйеліммен 10 жыл бірге тұрдық. Арамызда үлкен келіспеушіліктер болса, бес баламыз болмас еді және осынша уақыт бірге тұрмас едік. Алайда әйелімнің отбасы біздің қарым-қатынасымызға шектен тыс әрі негізсіз араласып, әйелім екеуміздің арамызға іріткі салды", - деді айыпталушы.

Оның сөзінше, осындай жайттарға қарамастан әйелімен бірге тұра берген, бірақ жұбайының туыстары тарапынан қысым тоқтамаған.

"Әйелімді менен тартып алып, "саған да жоқ, әке-шешеңе де жоқ" деп, өз балаларыммен өзімді бопсалады. ...Балаларымды анасынан да, әкесінен де, кішкентай кезінен бағып, өсірген туған әжесінен де айырғым келген жоқ... Ең соңғы сәтте отбасымды сақтап қаламын деген айла-тәсілім - бәрі таусылып, қажыдым. Тіпті олардың іс-әрекеті, сөздері мені ақылымнан алжастырып, жүйкемді жұқартып, адами болмысымды күйретті. Сосын осындай қылмысқа бардым", - деді айыпталушы.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру