Әлем

Венесуэладағы жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 5119-ға жетті

Венесуэладағы жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 5119-ға жетті

Фото авторы: Әлеуметтік желі




Венесуэлада қатарынан болған 2 жойқын дүмпуден мерт болғандар саны 5119-ға жетіп отыр. Құтқарушылар тарапынан үйінділер қопарылып, іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

24kz мәліметінше, кейінгі бір тәулік ішінде ғана опат болғандар саны 50 адамға артты. Жалпы 16 мыңнан астам адам зардап шеккен. Ал 20 мыңға жуық тұрғын баспанасыз қалды. Халықаралық валюта қоры елге 350 млн долларға жуық қаржы бөлді. Қаражат зардап шеккендерге жедел гуманитарлық көмек көрсетуге бағытталады.

Еске салайық, 25 маусымға қараған түні Венесуэланың солтүстігінде магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі болды. Магнитудасы 7,2 және 7,5 болған екі ірі жер сілкінісі небәрі 39 секунд айырмашылықпен қайталанды. Одан кейін тағы 782 дүмпу тіркелген.


Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру