Әлем

Ташкентке жарысқа барған 15 қазақстандық футболшы ауруханаға түсті. Не болды?

Ташкентке жарысқа барған 15 қазақстандық футболшы ауруханаға түсті. Не болды?

Фото авторы: Depositphotos.com




Ташкентте Dostlik Cup 2026 халықаралық футбол фестиваліне қатысуға барған қазақстандық жас футболшылардың денсаулығы күрт нашарлап, 15 бала ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Балалар қонақүйдегі таңғы астан кейін сырқаттанған

Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша, 31 қазанда қонақүйдегі таңғы астан кейін бірнеше бала өзін жайсыз сезінген. Бір тәулік ішінде ауруханаға түскендердің саны 15-ке жеткен.

Ата-аналардың айтуынша, жұмыртқа жемеген сегіз бала ғана ауырмаған. Алайда балалардың неден уланғаны немесе сырқаттанғаны әзірге ресми түрде нақтыланбаған.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Ташкентте өтіп жатқан Dostlik Cup 2026 халықаралық футбол фестиваліне барған бірқатар қатысушының денсаулығы кенеттен нашарлағанын растады.

Балаларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсеновтің айтуынша, көмекке мұқтаж барлық Қазақстан азаматы Өзбекстандағы мамандандырылған медициналық мекемелерге жатқызылған.

Көмекке мұқтаж барлық Қазақстан азаматы Өзбекстан Республикасының мамандандырылған медициналық мекемелеріне жатқызылды, оларға қажетті дәрігерлік көмек көрсетіліп жатыр, – деді ол.

Қазір қазақстандық дипломаттар футболшылардың ата-аналарымен және медициналық мекемелермен байланыс орнатқан. Мәселе министрліктің бақылауында.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру