Фото авторы: ашық дереккөз
Атырауда Жангелдин ауылындағы отбасының өліміне қатысты сот талқылауы өтіп жатыр. Айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиевтің айыптау актісі мен істің мән-жайы оқылып жатқан кездегі реакциясы видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Newmedia.kz
Сот отырысы барысында прокурор Мирас Бауыржанов айыптау актісін оқыды. Онда айыпталушының бұрынғы әйелінің туған ағасы Наурыз Мұқанғалиев пен әкесі Мақсот Қарабалиннің өліміне әкеп соққан оқиғаның мән-жайы баяндалған.
Құжатта Мақсот Қарабалиннің сүйегі кілемге оралып, көмілгені де айтылады.
Осы мәлімет жарияланып жатқан сәтте камера айыпталушыны түсіріп алған. Ол прокурорды еш қымсынбастан тыңдап отырады, тіпті бір сәтте оның жүзінен күлкіге ұқсас реакция байқалады.
Пікір жоқ