Қоғам

Сәрсемалиев ісі бойынша сотта жәбірленуші тарап куәгерлері залдан шығарылды

Сәрсемалиев ісі бойынша сотта жәбірленуші тарап куәгерлері залдан шығарылды

Фото авторы: желі




Бүгін, 18 мамырда Атыраудағы қанды қылмысқа қатысты сот басталды, деп хабарлайды Newmedia.kz

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты алдын ала сот тыңдауы жалғасып жатыр. 

Сот барысында судья айыпталушыдан істі алқабилердің қатысуымен қарау қажеттігі туралы сұрады. Бұған жауап берген Сәрсемалиев қылмыстық істі алқабилер сотына берудің қажеті жоқ екенін айтты.

Сондай-ақ судья жәбірленуші тараптың куәгерлері мен күдіктінің ата-анасы бүгінгі сот процесіне қатыса алмайтынын ескертіп, оларды залдан шығарды.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру