Фото авторы: gov.kg
Бішкектің Первомай аудандық сотында Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиевке қатысты алдын ала тыңдау басталды. Ол билікті күшпен басып алуға дайындалды және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген, - деп хабарлайды Newmedia.kz тілшісі Kaktus.media-ға сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, қызметкерлер мен приставтар бұл іс құпия екенін, сондықтан сот залына апаратын дәлізге де ешкімді жібермейтінін мәлімдеген.
Адвокат Икрамидин Айтқұлов бұған дейін Қамшыбек Тәшиевке Қырғызстанның Қылмыстық кодексінің мына баптары бойынша айып тағылғанын мәлімдеді: "Билікті күшпен басып алу немесе билікті күшпен ұстап тұру, сол сияқты конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге бағытталған әрекеттер" және "Лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану".
Пікір жоқ