Қоғам

Қосанов әскерде сарбаздар жиі өледі дегенге таңқалды

Қосанов әскерде сарбаздар жиі өледі дегенге таңқалды

Фото авторы: Ortcom.kz




Журналистер Қосановқа ай сайын әскерде сарбаз өлімі тіркелетінін айтып, Қорғаныс министрлігі қандай шаралар қабылдайтынын сұрады.

«Қойыңызшы? Сарбаздар ма? Рас айтасыз ба?», – деп таңқалды министр.

Оның айтуынша, әскерде қазір мұндай жиі өлім жағдайлары жоқ. Ал, сарбаздар өліміне қатысты митингке шыққан аналар бұрынғы жылдарда болған оқиғаларды айтқан. 

«Аналар айтып отырған бұл оқиғалар 2020-2023 жылдары болған. Митинг кезінде олар көтерген мәселелердің бәрі тергеу органдарының жұмысына қатысты болды. Тергеуді Ішкі істер министрлігі бас әскери прокуратураның бақылауымен жүргізеді. Ол жерде бізге қатысты сұрақтар болған жоқ», – дейді Даурен Қосанов.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру