Фото авторы: Әлеуметтік желі
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт
Тоқаев ресми сапармен АҚШ-қа барды. Мемлекет басшысын АҚШ Мемлекеттік
хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау Вашингтон әуежайында қарсы алды,
деп хабарлайды Newmedia.kz.
Сапар аясында ертең Қасым-Жомарт
Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен келіссөздер өткізеді. Кездесуде екіжақты
стратегиялық серіктестікті кеңейту, сауда-экономикалық және инвестициялық
ынтымақтастық мәселелері талқыланбақ.
Сонымен қатар, Президент Тоқаев
«Орталық Азия – АҚШ» (C5+1) форматындағы саммитке қатысады. Бұл жиында өңірлік
қауіпсіздік, көлік-логистика және «жасыл экономика» бағытындағы ынтымақтастық
басты тақырып болмақ.
Пікір жоқ