Қоғам

Елімізде 48 градусқа дейін күн ысиды

Елімізде 48 градусқа дейін күн ысиды

Фото авторы: Әлеуметтік желі




«Қазгидромет» 20 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің оңтүстік пен оңтүстік-шығыс аймақтарында жауын-шашынсыз, аптап ыстық ауа райы сақталады.

Ең жоғары температура Түркістан облысында күтіледі. Мұнда күндіз ауа температурасы +46…+48 градусқа дейін көтеріледі. Сондай-ақ Тараз бен Қонаевта +41…+43°С, Алматы, Шымкент және Талдықорғанда +40…+42°С ыстық болады. Қызылордада +37…+39°С, Өскеменде +35…+37°С, Семейде +36…+38°С күтіледі.

Астанада соңғы 85 жылда болмаған ең ыстық ауа температурасы тіркелді

Астанада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ пен дауыл болуы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +29…+31°С шамасында болады.

Ақтөбе, Көкшетау, Петропавл, Павлодар, Орал және Ақтау қалаларында да жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі. Кей өңірлерде нөсер жаңбыр мен бұршақ жаууы ықтимал.

ДДҰ: Еуропа аптап ыстыққа бейімделе алмай жатыр

Синоптиктер тұрғындарға ауа райының қолайсыз құбылыстарын ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру