Фото авторы: желі
Атырау облысындағы бір отбасының өліміне қатысты жаңа мәлімет пайда болды. Өңір прокуратурасы өкілдері күдіктінің жұбайы Ақбаян Мұқағалиеваның қылмысқа қатысы бар-жоғын айтты, - деп хабарлайды Newmedia.kz тілшісі.
Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәліметінше, қазір қылмыстық іс бойынша соталды тергеп-тексеру аяқталып, іс сотқа жолданған.
"А.Мұқанғалиеваға тағайындалған сот-психологиялық-психиатриялық сараптаманың қорытындысы шығуы керек. Сараптама қорытындысы тергеу органына ресми түрде түскеннен кейін оған тиісті құқықтық баға беріледі. Бұл қылмыстық құқықбұзушылықты С.Сәрсемәлиев жеке өзі жасаған. Қылмысты жасауға өзге адамдардың қатысы бары анықталған жоқ", - деді прокуратура өкілдері.
Ақбаян Мұқанғалиеваның отбасы мүшелерінің өліміне қатысы болмауына байланысты оған қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған.
"Қылмыс туралы хабарламау дерегі бойынша бөлек іс жүргізу аясында соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деп толықтырды прокуратура өкілдері.
Еске салайық, 2025 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен. Туыстарының айтуынша, отбасы қарашадан бері байланысқа шықпаған. Төртеуіне де жоғалып кеткен адамдар ретінде іздеу жарияланды:
Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталып, жедел тергеу тобы құрылды.
Атырау облысы ПД
Пікір жоқ