Қоғам

Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты

Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты

Фото авторы: желі




Атырау облысында Индер - Қарабау тасжолында болған жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Newmedia.kz тілшісі "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 29 мамырда таңертең Индер ауданында болған. Hyundai Sonata көлігі аударылып, жолаушылардың біреуі ғана аман қалған.

Атырау облысы Полиция департаменті мәліметінше, жол апаты шамамен сағат 06:30-да тасжолдың 15-шақырымында болған. Көлік тізгінінде 41 жастағы жүргізуші отырған. Жүргізуші және үш жолаушы оқиға орнында көз жұмған. Тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілген.

Жол апатына байланысты соталды тергеу басталды.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру