Қоғам

Астана – Петропавл тасжолында апат болып, полиция қызметкері комаға түсті

Астана – Петропавл тасжолында апат болып, полиция қызметкері комаға түсті

Фото авторы: видеодан скриншот




Астана – Петропавл тасжолында полицияның қызметтік көлігі ауыр жол апатына түсті. Апат салдарынан құқық қорғау органының 35 жастағы қызметкері басынан ауыр жарақат алып, комаға түсті, деп хабарлайды Newmedia.kz

Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты 3 қарашада болған. JAC T9 автокөлігінің жүргізушісі жылдамдық режимін және қауіпсіз арақашықтықты сақтамаған. Соның салдарынан патрульдік полиция көлігімен соқтығысқан. Апат кезінде полицейлер жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, арнайы жол техникасын алып жүрумен айналысқан.

Жарақат алған полиция қызметкері Шортанды аудандық ауруханасына жеткізілді. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, ол комада жатыр. Оқиға орнына санитариялық авиация бригадасы шақырылған. Дәрігерлер науқастың алдағы емдеу тактикасын анықтау үшін консилиум өткізуде.

Шортанды аудандық ауруханасының мәліметінше, полицейге әрі қарай тексеру жүргізіп, медициналық көмек көрсету үшін оны санитариялық авиация арқылы елордадағы ауруханалардың біріне жеткізу жоспарланып отыр.

Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары апаттың барлық мән-жайы мен себептерін анықтауда.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру