Қоғам

Ақбаян Мұқанғалиеваға жасалған алғашқы психиатриялық сараптама қорытындысы шықты

Ақбаян Мұқанғалиеваға жасалған алғашқы психиатриялық сараптама қорытындысы шықты

Фото авторы: желі




Ақбаян Мұқанғалиеваға жасалған психиатриялық сараптама қорытындысы шықты. Атырау облысы прокуратурасы кейбір мәліметті бөлісті, - деп хабарлайды Newmedia.kz

10 наурызда Индонезиядан экстрадицияланғаннан кейін Ақбаян Мұқанғалиева Атыраудағы арнаулы медициналық мекемеге жіберілген еді. Наурыздың аяғында прокуратура әйелден психикалық ауытқу белгілері анықталса, оған Алматыда сараптама тағайындалатынын хабарлады.

10 сәуірде Ақбаян Мұқанғалиева Алматыдағы Сот сараптама институтына ауыстырылды.

"Алматыдағы стационарлық кешенді сот психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындысына сәйкес Мұқанғалиева динамикалық бақылау мен дифференциалды диагностиканы қажет етеді", - деп жазылған хабарламада.

Осылайша мамандар адамның психикалық жағдайы туралы түпкілікті қорытынды жасау үшін қосымша бақылау мен тексеріс қажет деп тапқан.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру