Фото авторы: Баспасөз
Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы демалыс
орталықтарының ұйымдастыруымен «Family Creativity Night» атты отбасылық шығармашылық
жоба өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттау,
ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ
тұрғындардың шығармашылық белсенділігін арттыру.
Жоба аясында балалар мен олардың ата-аналары арнайы
әзірленген баннерге сурет салып, өздерінің армандары мен ойларын шығармашылық
арқылы бейнеледі. Қатысушылар отбасы, достық, мейірімділік және бақыт
тақырыптарында түрлі суреттер салып, ортақ өнер туындысының қалыптасуына үлес
қосты.
Ашық аспан астында өткен іс-шара тұрғындарға ерекше
мерекелік көңіл күй сыйлап, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға,
сондай-ақ отбасы мүшелерінің бірге уақытты мазмұнды өткізуіне мүмкіндік берді.
«Family
Creativity Night» жобасы – балалардың жазғы демалысын мазмұнды ұйымдастыруға
және отбасы институтын нығайтуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Мұндай
шаралар жастар мен балалар арасында шығармашылық мәдениетті дамытуға, отбасы
мүшелері арасындағы өзара түсіністік пен бірлікті арттыруға ықпал етеді.
Пікір жоқ