Фото авторы: Tengrinews
Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында бүтін бір отбасының өліміне қатысты басты сот талқылауы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Newmedia.kz
Тергеу нұсқасы бойынша айыпталушы - осы отбасының бұрынғы күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиев, ол марқұмдарға 60-қа жуық пышақ жарақатын салған.
28 мамырда айыптау актісін оқу барысында прокурор Мирас Бауыржанов айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиевтің жәбірленушілерге ас үй пышағымен көптеген жарақат салғанын мәлімдеді.
Мәлімет бойынша жұбайының әпкесі Мейрамгүл Қарабалинаға 32 рет, ағасы Наурыз Мұқанғалиевке 10 рет, әкесі Мақсот Қарабалинге 9 рет пышақ сұғылған, ал анасы Нәсіп Өтешқалиеваға 8 соққы жасалған.
Сотта айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиев кінәсін ішінара мойындады. Ол Мейрамгүл Қарабалинаны, сондай-ақ, жұбайының әкесі мен анасын қасақана өлтіргенін растады.
Дегенмен ол Наурыз Мұқанғалиевтің өлімі жоспарланбағанын алға тартты. Айыпталушының айтуынша, ол өзін қорғау мақсатында және жәбірленушінің өзі себеп болған жанжал кезінде оған ауыр жарақат салған.
Tengrinews.kz
Еске салайық, 2025 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен. Туыстарының айтуынша, отбасы қарашадан бері байланысқа шықпаған. Төртеуіне де жоғалып кеткен адамдар ретінде іздеу жарияланды:
Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталып, жедел тергеу тобы құрылды.
Атырау облысы ПД
6 қаңтарда ерлі-зайыпты сарайдың ішінен өлі табылды. 8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Осыдан кейін іс адам өлтіру дерегі бойынша қайта сараланып, марқұмдардың балаларын іздеу жұмыстары жалғасты. Кейін олар да өлі табылды.
Tengrinews.kz
Қылмыс жасады деген күдікпен 29 жастағы ер адамға, яғни осы отбасының бұрынғы күйеу баласына халықаралық іздеу жарияланды. Онымен бірге ерлі-зайыптының кіші қызына да халықаралық іздеу жарияланды. Бұрын ол күдіктімен некеде тұрған.
Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевті іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелді. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысы Полиция департаменті жүргізді.
Пікір жоқ